Кішкентай, кіп-кішкентай, жұдырықтай, титтей, қаршадай, кішкене, бармақтай, биттей, құйттай, құйтымдай, құртымдай, құйтақандай, құртақандай, құрттай, қылаудай, қылдай, қылды- рықтай, митімдей, қарашықтай, титімдей, оймақтай, зәредей, сіркедей, тырнақтай, тинақтай, тинімдей, тілдей, шынашақтай, шынта

lat: Kishkentaı, kip-kishkentaı, judyryqtaı, tıtteı, qarshadaı, kishkene, barmaqtaı, bıtteı, qúıttaı, quıtymdaı, qurtymdaı, quıtaqandaı, qurtaqandaı, qurttaı, qylaýdaı, qyldaı, qyldy- ryqtaı, mıtimdeı, qarashyqtaı, tıtimdeı, oımaqtaı, záredeı, sirkedeı, tyrnaqtaı, tınaqtaı, tınimdeı, tildeı, shynashaqtaı, shynta

 Kөлeмi үлкен емес, тым ұсақ, бір жапырақ .

Кең жазиралы кеңістікте көрінген дариядағы кішкентай қайық секілді. Сатаев).

Түгін де түсінбеген Әскербектің кіп-кішкентай жүрегін үп-үлкен үрей шалықтады. Мұртазаев).

Түсінгендей болды ма жұдырықтай жүрегі тарс-тарс соғып шошып кеттi. Алшынбаев).

Бала келіншектің камзолын титтей саусақтарымен бұрып алып, одан айрылғысы келмей, көкірегіне жабысып қалды. Дүзенов). Каршадай қара бала қалбаңдаған, шаршамай шаршы топқа салғанда аман (Ғ.Қайырбеков).

Қария өз қырындағы күйме есігің кішкене терезесіне жаутаңдай қарады (А. Сатаев).

Кен дүниенің қойнына бармақтай баланы сыйдырмаған жоқшылық, көзіңді ашпа.Әбдіқадыров).

Шынар бетін биттей қолымен басып, тығылып жылап жіберді. Құмарова).

Сонда мен мынау құйттай бойыммен аспанды тіреп тұрған секілдімін (Ф. Оңғарсынова).

Сырықтай болып құйтымдай балалардың арасында еңкейіп отырмақсын ба?. Жүнісов).

Кенет ол өзінe-өзі құртымдай болып кішірейіп кеткендей болды. Тоқтаров).

Құйтақандай қызымның қылығымен, көз алдымнан етеді балалығым (К. Ахметова).

Айнала төңірек жым-жырт тыныштық, тек алыста құртақандай бозторғай шырылдайды. Есімжанов).

Құрттай баласына дейін шұбырып жүр. Шәріпов).

Аспан мөп-мөлдір кекпеңбек, қылаудай бұлт жоқ. Сүндетов).

Күйсандық алдындағы оның белі қылдай болып, пернеде ойнаған қолдары да жігітті тарта береді. Жұмаханов).

Kешегі eнi қылдырықтай қыр өзені дегенге адам нанғысыз, кәдімгі шалқып жатқан телегей теңіз дерсің (Ә.Қанахин).

Үйге кенеттен кіріп келген үшеуi үш бөлменің де митімдей жерін қоймай тінтіп шықты («Лен. жас»).

Бозторғай ұшып, үлгірді сәтте сайрап та, қарашықтай кұс қайда жүр өзі, қай жақта. Мырзабеков).

Kүнi кешегі титімдей баланың дыңдай азамат боп қалғанына қуанатын тәрізді («Бал дәурен»).

Оқиға болған маңайда картаға түcipiп, оймақтай жерін қоймай, тексеріп кетті. Қойшыманов).

Зәредей жалғыз тарының бетінен үлкейткіш әйнек арқылы жер бетідегі материктерді түгел көpeciз. Қасиманов).

Ақсақал анда-санда төбесіне үймелеген сіркедей ұсақ шipкeйлepдi қолымен жасқап қояды.Ысқақов).

Тырнақтай бала екеш бала да ауылға келген қайғы салмағын сезетін сияқты.Салғарин).

Фабрика ішінде Жылқыбай білмейтін тинақтай тетік те қалмаған еді. Ибрагимов).

Қарашы өзіңе, тicкe қыстырар тинімдей етің қалмаған (Ф. Дінисламов).

Медсестра келіп, тілдей ғана қағазды қолына ұстата салды. Оразақов).

Толқын қыз Наурызға шынашақтай ғана домаланған бір бәлекет боп көрінді.Қанахин).

Keшегі шынтақтай қызынын ер жеткенін енді сезгендей еді анасы («Лен. жас»).

Мүгедек ана шүкейттей болып бүрісіп қалыпты. Талжанов).

Қолында шүйкімдей ғана ораған нәpceci бар («Соц. Қаз.»).

Шүйкедей бұлт шүйіліп,

 Шыға келді тебеге,

Торғай әннен тыйылып,

Бұға қалды бөгеле. Боранбаев ).